
Түркияда Anex Tourism Group ірі туристік тобының негізін қалаушы әрі иесі Нешет Кочкар (Neşet Koçkar) ұсталды. Ол және тағы 17 адам жезөкшелікті ұйымдастыруға және есірткі айналымына қатысы бар деп күдіктелуде, деп хабарлайды haberler.com.
Күштік құрылымдар ауқымды арнайы операцияны Антальяда жүргізді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, құқық қорғау органдары туризм индустриясымен байланысты топтың қызметін тіркеп, бірқатар ұстау шараларын жүргізген. Іс бойынша тағы екі адамға іздеу жарияланған.
Нешет Кочкар — түрік және халықаралық турбизнестің ең танымал өкілдерінің бірі. Anex Tour-дан бөлек, оған Selectum люкс қонақүйлер желісі және Антальяда орналасқан Mavi Gok Airlines әуе компаниясы тиесілі.
Anex Tour туроператоры 1996 жылдан бері жұмыс істейді және Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германияда кеңінен танымал. Компания әуе тасымалын, қонақүй секторын және агенттік желіні біріктіре отырып, әлемнің 50 елінде 3 мыңнан астам бағыт бойынша қызмет көрсетеді.
В Атырау +24.6