Атырау, 25 қазан 04:49
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Бернхэм: Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы пайдадан гөрі зиян әкелді

331 рет қаралды

Лондонда өткен Лейбористік партияның жыл сайынғы конференциясында Ұлыбритания премьер-министрі Энди Бернхэм «Брексит» елге күткен бақылауды бермегенін және керісінше көші-қонға  қатысты бақылаудың әлсіреуіне алып келгенін айтты, деп хабарлайды АА. 

Ол «Ұлыбритания Еуропалық серіктестерімен ынтымақтастықты жоғалтқаннан кейін көші-қонды басқару әлсіреді, сондықтан Брексит пайдадан гөрі зиян әкелді» деп мәлімдеді.

Бернхэм алдағы айларда өтетін Ұлыбритания–ЕО саммитінде көші-қон саласындағы ынтымақтастық жолдары талқыланатынын хабарлады. Оның айтуынша, Ұлыбритания ЕО-мен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатпайынша, елге нақты іс-қимыл жоспарын ұсыну мүмкін емес.

Премьер саммит барысында ЕО-мен әртүрлі ұзақ мерзімді байланыс нұсқаларын қарастырып, компромиске келу жолдарын іздейтінін айтты. 

«Бұл бізге өз позициямызды және өмір сүріп отырған континенттің болашағын айқындауға мүмкіндік береді», – деді Бернхэм.

30 қыркүйек, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.