
Стамбул әуежайында Caspian Airlines компаниясына тиесілі Boeing 737 лайнеріне сот шешімімен тыйым салынды. Ұшаққа рейс алдында сот орындаушылары көтеріліп, 3 млн еуро көлеміндегі қарызды өндіріп алу туралы қаулыны тапсырған, деп хабарлайды Евронью́с.
Жлдаушылар мен экипаж мүшелері борттан түсіріліп, қайтадан терминалға қайтарылды.
Caspian Airlines – Тегеранда орналасқан, 1993 жылы құрылған мемлекеттік авиациялық топқа кіретін компания. Ол Boeing 737 ұшақтарымен ішкі және халықаралық бағыттарда, соның ішінде Стамбулға да рейстер орындайды.
Бұл жағдай АҚШ-тың ирандық азаматтық авиацияға қарсы енгізген екінші деңгейлі санкцияларымен байланысты. Санкциялар шетелдік әуежайлар мен қызмет көрсетушілерге де қысым жасап, ирандық тасымалдаушыларды қолдаған жағдайда долларлық жүйеден ажырату қаупін ескертеді.
Соңғы аптада Иранның халықаралық рейстері күрт қысқарды: кей елдер рейстерді тоқтатса, Lufthansa, Austrian Airlines және Qatar Airways Иранға ұшуды уақытша доғарды.
В Атырау +22.7