Атырау, 29 қыркүйек 16:15
 дождьВ Атырау +22.7
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Жол жөндеу жұмыстары тұрғындарды алаңдатуда: "Атырау-Орал" трассасындағы жағдай

Сурет Бейнежазба
104 рет қаралды

Республикалық маңызға ие " Атырау-Орал" автомобил жолының жол жұмыстары бір мезгілде бірнеше учаскеде жүргізіліп жатыр. 95-тен 189-шақырымға дейінгі аралықта мердігер маусым соңына дейін 71–72 шақырымға асфальттың бірінші қабатын төсеуді жоспарлап отыр, ал Атырауға жақын тұста жөндеу жұмыстары 5-тен 95-шақырымға дейінгі учаскеде басталды. 

Дегенмен Индер ауданы тұрғындарынан "АЖ" поштасына сұрақтар келіп түсті. 

— Жөндеу жүріп жатыр, дегенмен жол шеттеріне (жиегіне) төсеген топырақты асфалттың екі жағынан алып жасауда. Соның салдарынан асфалттың екі жағы терең ойпаңға айналған. Бұл қаншалықты дұрыс. Жол жиегіндегі бос топырақ жауынды-шашынды күндері балшық болып,  көліктерге қолайсыздық тудыратыны сөзсіз, — дейді тұрғындар мазасызданып.  

"ҚазАвтожол" АҚ Атырау филалының директоры Ардақ Қайырденов тұрғындардың алаңдауының негізі қажеті жоқтығын айта келіп, былайша түсіндірді:
— Асфалттың жанындағы топырақты алу техникалық құжаттама бойынша жүргізілуде. Сонымен бірге жол шеттерін бекіту 12 см болу керек, ол жоғары қабаты төселгесін салынады. Ал қазіргі жасалып жатырған жол шетін топырақпен көтеру күзгі-қысқы мерзімде жол негізінің астына су өткізбеу үшін керек. Кейін фрезерванный материал мен ПГС қоспасы төселіп нығыздалады, — дейді ол. 

Қайырденов сонымен бірге бастапқы график бойынша биылға 45,6 км асфалт салу қарастырылғанын, бірақ жолдың қауіпті тұстарының көптігін ескеріп, мердігермен қосымша қосымша келісім шарт жасалғанын, биыл 71-72 км асфалттың бірінші жабындысын (слой) төсеу көзделіп отырғанын жеткізді. "ИндерСу" КМК келісім шартқа отырып, баламалы жолға су шашу жүруде. 

Қазіргі уақытта 69 шақырым жолдың ескі беті сыпырылып алынды, 50 шақырымдай жолдың негізгі қабатын суық ресайклдеу жұмыстары орындалды, шамамен осындай аралықта тегістеу қабаты төселді. 

Бүгінде жол жұмысында бас мердігер "АБК Автодор НС" ЖШС-нен бөлек, қосалқы мердігерлер "АстанаИнвестПроект", "Нұр Үміт", "СтройНордБилд", "Аркетон", "АРМ Констракшн", "АтырауИнжСтрой" ЖШС-тері қатысуда. 

«АЖ» бұған дейін жазғандай, бұл учаскенің ұзындығы 94 шақырымды құрайды, жобаның құны — 24,9 млрд теңге.

2027 жылы барлық 94 шақырым бойына полимер қосылған қиыршықтас-мастикалық асфальтбетоннан қалыңдығы 5 см болатын екінші қабатты төсеу жоспарланған. Қалған 22–24 шақырымда да бірінші қабатын төсеу қажет. «ҚазАвтоЖол» ақпараты бойынша, бұл жұмыстарға қаржыландыру толық көлемде көзделген, содан кейін учаскені пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге жолшылар 5-тен 95-шақырымға дейінгі учаскедегі жұмыстарға кірісті. Ол бойынша конкурс тамыз айында аяқталып, мердігер ретінде «АлматыИнжСтрой» ЖШС белгіленді.

44–67 шақырым аралығындағы ең қауіпті учаскелерде әзірге шұңқырлар жөнделді. Бұл жұмыстар жобада көзделмеген және күзгі-қысқы кезеңде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шара ретінде жүзеге асырылды. 

67–95 шақырым учаскесінде ескі қабатын фрезерлеу, уақытша айналма жол салу, негізгі қабатын ресайклингтеу және асфальттың бірінші қабатын төсеу басталды. Ауа райы қолайлы болса, биыл оны 15–20 шақырымға төсеп, көлік қозғалысын қамтамасыз ету көзделіп отыр. 

5-тен 95-шақырымға дейінгі учаскені жөндеудің нормативтік мерзімі 28 айды құрайды. Дегенмен «ҚазАвтоЖол» мердігермен жұмысты мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Ол үшін қосымша қаржыландыру қарастыру және қысқы кезеңде тікелей нысан басында инертті материалдар дайындау жоспарланған.

«АЖ» бұған дейін уақытша айналма жолдағы қою шаңға жүргізушілердің шағымданғаны туралы да жазған болатын. Қазір жолға су себу бойынша келісімшартты «ИндерСу» КМК жасасты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен видео: "ҚазАвтоЖол"

Бүгін, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.