Атырау, 28 қыркүйек 10:27
 дождьВ Атырау +10.1
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Құпия келісім бұзылды: Зеленскийдің сөзі Сеулмен дипломатиялық жанжалға ұласып кетті

95 рет қаралды

Оңтүстік Корея Президентінің Әкімшілігі Украина билігінен ресми түсініктеме мен кешірім сұрауды талап етті. Дипломатиялық жанжалға Сеулге екі солтүстіккореялық әскери тұтқынның берілгені туралы ақпараттың көпшілікке жария етілуі себеп болды, деп хабарлайды Би-би-си.

Сеулдің мәлімдеуінше, КХДР сарбаздарын тапсыру әскери тұтқындардың, олардың отбасыларының қауіпсіздігі тұрғысынан және кореяаралық қарым-қатынастарды ескере отырып, қатаң құпия сақталуы тиіс еді. Дегенмен Украина Президенті Владимир Зеленский бұл фактіні Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде ашып айтты.

Оңтүстік Кореяның ұстанымы

Оңтүстік Корея Президентінің қоғаммен байланыс жөніндегі аға хатшысы Сон Ги Хон Киевтің біржақты қадамына және украиналық шенеуніктердің «құпиялылық туралы келісім болған жоқ» деген кейінгі мәлімдемелеріне байланысты өкініш білдірді.

Оңтүстік Корея тарапының мәліметінше, КХДР тұтқындарын украиналық әскери қызметшілерге айырбастаудан бас тартуға байланысты ішкі сыннан қауіптеніп, бастапқыда ақпаратты жариярамауды Украинаның өзі талап еткен.

Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён әлеуметтік желіде ақпаратты «өзін-өзі жарнамалау үшін» жария ету шешімі ұлттық мүдделерге және дипломатиялық күш-жігерге нұқсан келтіргенін айтып, Украина басшылығының әрекетін шұғыл сынады. Сеул бұл оқиғаның мемлекеттер арасындағы өзара сенімге қауіп төндіргенін ескертіп, жауапты шаралар қабылдау мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Украинаның реакциясы

Киевте құпиялылық туралы келісімдердің болғанын теріске шығарады. Украина Президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвин мұндай келісімдердің болмағанын мәлімдеп, «қандай да бір тұтқындардың қайда кететінін жасыру дұрыс болмас еді» деп атап өтті. Украина Президенті Офисінің өкілдері де ел азаматтарының ұсталған және тапсырылған барлық адамдардың тағдыры туралы білуге құқығы бар екенін айтты.

Әңгіме Курск облысында украиналық әскерилер тұтқынға алған КХДР-дың екі сарбазы туралы болып отыр. Олар Пхеньян Ресейге қолдау көрсету үшін өз әскерін жібергеннен кейін тірідей қолға түскен алғашқы солтүстіккореялық әскери тұтқындар болды. Екі әскери қызметші де Оңтүстік Кореяға барғысы келетінін білдірген, осыдан кейін Киев пен Сеул арасында оларды тапсыру туралы келіссөздер басталған еді.
Бүгін, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.