Атырау, 25 қыркүйек 17:53
 дождьВ Атырау +26.8
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

​АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын өндіру лицензиясын беруге келісті — Зеленский

56 рет қаралды
Сурет: Bild парақшасынан
Сурет: Bild парақшасынан

Украина өз аумағында Patriot зениттік-зымыран кешендеріне арналған тосып алушы зымырандардың отандық өндірісін жолға қоюды көздейді. Украина Президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, ол мұндай уәдені Нью-Йорктегі БҰҰ саммиті аясында өткен кездесуде Дональд Трамптан алған, деп жазады Bild.

Бұл ретте Вашингтонның ресми лицензиясы ресімделгені немесе сөз тек алдын ала келісім туралы болып отырғаны әлі белгісіз.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ Киевке осы жүйелердің компоненттерін өндіру құқығын беру ниетін мәлімдеген еді, алайда бұл мәселе бойынша Ақ үйдің ұстанымы бірнеше рет өзгертілген болатын.

Бүгін, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.