Атырау, 25 қыркүйек 16:00
 дождьВ Атырау +26.7
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

​Иран президенті АҚШ-пен келісімге дайын екенін мәлімдеді

98 рет қаралды

81-ші БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы іс-шараларға қатысу үшін Нью-Йоркке барған Иран президенті Масуд Пезешкиан Fox News арнасына сұхбат беріп, Тегеранның АҚШ-пен келісімге келуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды АА.

— Біз соғысты таңдаған жоқпыз. Соғыс бізге таңылды, біз оған ұмтылмаймыз, — деді ол.

Пезешкиан Иран бұрынғы келісім негізінде Вашингтонмен мәмілеге баруға әзір екенін, ал қақтығысты тоқтату шешімін АҚШ қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Иранның халықаралық құқық пен Ядролық қаруды таратпау туралы шарттағы міндеттемелерін сақтайтынын жеткізді.

Йемендегі хуситтердің әрекеттеріне қатысты Пезешкиан олардың өз қадамдарына жауапты екенін, Ираннан нұсқау алмайтынын айтты.

Сонымен қатар президент шамамен бір ай бұрын Моджтаба Хаменеймен жеке кездесіп, жеті сағатқа жуық сөйлескенін, оның денсаулығы «жақсы жағдайда» екенін хабарлады.

Бұл мәлімдеме Иран мен АҚШ арасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған қадам ретінде қарастырылып отыр.

Бүгін, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.