Атырау, 25 қыркүйек 13:24
 дождьВ Атырау +23.3
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

БҰҰ: Газаны қалпына келтіруге 71,5 млрд доллар қажет

129 рет қаралды

БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) жариялаған соңғы баяндамада Газадағы экономикалық күйреу мен мемлекеттік қаржыға қысым егжей-тегжейлі сипатталды. Құжатта секторды қалпына келтіру мен қайта құруға шамамен 71,5 млрд доллар қажет екені айтылған, деп хабарлайды АА.

Баяндамада палестин экономикасының ондаған жылдар бойғы даму нәтижелері жойылғаны, Газадағы экономикалық коллапс және Батыс жағалаудағы шектеулердің күшейгені атап көрсетілген.

2026 жылдың басында Газадағы инфрақұрылымға келтірілген залал 35,2 млрд доллар, ал экономикалық және әлеуметтік шығындар 22,7 млрд доллар деп бағаланған. 

2023 жылдан бері Газадағы шаруашылық субъектілерінің 92%-ы бүлінген немесе жойылған. 

2025 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ небәрі 212 долларды құрады, бұл 2022 жылғы деңгейдің 17%-ына тең. 

Жұмыссыздық деңгейі 78%, ал еңбекке қабілетті халықтың 90%-дан астамы жұмыссыз қалған.

ЮНКТАД дерегінше, Израильдің 59 жылдық оккупациясы палестин экономикасының дамуын тежеп, 2023 жылдан бері құрылымдық шығындар күрт артқан. Сонымен қатар, палестин әкімшілігінің қаржылық жағдайы нашарлап, салық түсімдері Израиль тарапынан ұсталып қалған.

Баяндамада мектептердің аптасына үш күн ғана оқытуға мәжбүр болғаны, денсаулық сақтау саласында төленбеген міндеттемелердің 1,1 млрд долларға жеткені және халықтың гуманитарлық азық-түлік көмегіне тәуелділігі күшейгені көрсетілген.

Бүгін, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.