
Нью-Йоркте Украина Президенті Владимир Зеленский мен Финляндия Президенті Александр Стубб қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейту жөніндегі келісімге қол қойды.
Бұл туралы АА Финляндия Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Құжат екі ел арасында технологиялар мен білім алмасуды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ инновациялық жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Келісім аясында дрондар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланған.
Сонымен қатар құжат әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға бағытталған. Бұл қорғаныс техникасы мен технологияларын тиімді әрі жедел жеткізуге мүмкіндік береді.
В Атырау +24.3