
АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясының 81‑сессиясы аясында Нью‑Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Ресей мен Украина арасында жақын уақытта келісімге қол жеткізілетініне сенім білдірді, деп хабарлайды АА.
«Біз президент Зеленскиймен шешім іздеп жатырмыз, және бұл болады деп ойлаймын. Шынымен солай ойлаймын», – деді Трамп.
Ол сондай‑ақ келісімнің мазмұны туралы нақты айтпай, бұл мәселені Владимир Путинмен де талқылап жүргенін жеткізді.
Украинаның Ресей мұнай өңдеу нысандарына жасаған соққыларына тоқталған Трамп олардың Ресейге елеулі зиян келтіргенін және дизель бағасына әсер еткенін атап өтті.
Патриот зымыран кешендерін Украинада өндіру мүмкіндігі де талқыланып жатқанын айтты. Өз кезегінде Зеленский қақтығысты қысқа дейін аяқтауға үміт білдіріп, бұл жолда Трамптың көмегіне сенетінін жеткізді.
В Атырау +25.6