Атырау, 22 қыркүйек 13:48
 дождьВ Атырау +21.9
$ 448.44
€ 514.81
₽ 5.33

АҚШ-та Гаити президентінің өліміне қатысты 18 күдікті сотқа жеткізілді

79 рет қаралды
AP Photo
AP Photo

АҚШ билігінің мәліметінше, Гаити президенті Жовенель Моизді өлтіруге қатысы бар 18 адам Флоридаға жеткізіліп, сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Евронью́с.

53 жастағы Моиз 2021 жылғы 7 шілдеде өз резиденциясында 20 шақты колумбиялық жалдамалының қолынан қаза тапқан еді. Оның күзеті әрекет етпеген.

ФБР арнайы агенті Бретт Скайлс: «Бүгінгі тұтқындаулар бұл қастандыққа қатысқандардың барлығы жауапқа тартылатынын көрсетеді», – деп мәлімдеді.

Федералды прокурор Джейсон Рединг Киньонес 18 адамның Гаитиден әскери ұшақпен жеткізілгенін хабарлады. Олардың арасында басты фигурант — Гаити әділет министрлігінің бұрынғы қызметкері Жозеф Феликс Бадио бар. Қалғандары — колумбиялық жалдамалылар.

Бұл іс бойынша АҚШ соттарында бұған дейін 30-ға жуық адамға айып тағылған. Мамыр айында төрт адам қастандық пен заңсыз әскери операцияға қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Гаити Моиздің қазасынан кейін саяси дағдарысқа ұшырады. Елде әлі күнге дейін президент жоқ, ал Порт-о-Пренстің 80%-ын қарулы бандалар бақылауда ұстап отыр. 13 желтоқсанда елде президенттік және парламенттік сайлау, сондай-ақ конституциялық референдум өткізу жоспарланған.

Бүгін, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.