Атырау, 16 қыркүйек 14:27
 дождьВ Атырау +27
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

АҚШ-та сот шетелдік студенттер мен журналистерге визаны шектеу шешімін тоқтатты

85 рет қаралды

АҚШ-тағы федералдық сот әкімшіліктің шетелдік студенттер мен журналистерге визаның мерзімін қысқарту туралы шешімінің негіздемесін «өте әлсіз» деп таныды, деп хабарлайды АА.

The New York Times хабарлауынша, федералдық судья Ф. Деннис Сейлор аталған ережеге қатысты шешім шығарды. Оның айтуынша, студенттік визаларға белгіленген мерзім енгізудің негіздемесі «өте әлсіз», ал бұл шараның АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіне және экономикасына тигізер ықтимал зияны «апатты деңгейге» жетуі мүмкін.

Судья жаңа ереже шетелдік студенттердің америкалық университеттерге түсуіне кедергі келтіруі ықтимал екенін де атап өтті.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) әзірге сот шешіміне шағымданатыны жөнінде хабарлаған жоқ.

Шілде айында DHS бірқатар бейиммиграциялық визалар бойынша елге келетін шетелдіктердің, әсіресе студенттердің АҚШ-та болу мерзімін шектеу ниетін жариялаған еді.

Жаңа ережеге сәйкес, студенттік визасы барлар мен алмасу бағдарламасына қатысушылар оқу бағдарламасының мерзімі аяқталғанша, бірақ төрт жылдан артық емес уақытқа ғана елде бола алатын.

Ал шетелдік журналистердің визасы 240 күнмен шектелмек болған.

Сонымен бірге студенттер мен журналистер визаның мерзімін ұзарту үшін өтініш беруге мүмкіндік сақтайтын.

Алайда бұл өзгерістер аспиранттарға көбірек әсер етіп, студенттердің мамандығын ауыстыруын немесе басқа университетке ауысуын қиындататыны туралы алаңдаушылық туындаған.

Бүгін, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.