
«Әділет» партиясының басшылық құрамына өзгерістер енгізілді. Партия төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов және Эльдар Жұмағазиев төраға орынбасарлары болып тағайындалды.
Эльдар Жұмағазиев экономика мен өңірлік даму мәселелеріне жауапты. Ол Атырау мұнай және газ институтын және Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Бұған дейін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингін және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын басқарған.
Асхат Оралов бақылау, талдау және қызметті бағалау бағыттарын басқарады. Ол Еуразия ұлттық университеті мен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған, философия докторы ғылыми дәрежесіне ие. Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі, Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Нұрсұлтан Байтілесов құқықтық және заңнамалық бағытқа жетекшілік етеді. Ол сот жүйесінде ұзақ жыл еңбек етіп, Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары және Мәжіліс депутаты болған.
Бұған дейін коммуникация, идеология және цифрландыру бағыттары бойынша Әлия Адамбаева, Ержан Жылқыбаев және Қаныш Төлеушин төраға орынбасарлары болып тағайындалған еді.
В Атырау +28.9 



