Атырау, 6 қазан 19:21
 дождьВ Атырау +18.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Трамп: Украина мен Ресей бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасамайды

427 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келіскенін хабарлады, деп жазады АА.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді: «Украина Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келісті. Ресей де дәл солай әрекет етуге келісім берді. Дүниежүзі бойынша дизель отыны бағасының өсуінің басты себебі Иран емес, ең алдымен Ресей–Украина соғысы», – деп жазды Трамп.

Өткен аптада АҚШ-та дизель отынының орташа бағасы алғаш рет бір галлон үшін 6 доллардан асып, жеткізілімдегі қиындықтарға байланысты рекордтық деңгейге жетті.

Американдық автомобиль қауымдастығының (AAA) дерегінше, бүгінгі таңда АҚШ-та дизельдің орташа бағасы 6,23 долларды құрап отыр. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

15 қыркүйек, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.