Атырау, 14 қыркүйек 17:06
 дождьВ Атырау +30.5
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

«Сила Сибири-2» атауы «Сила Байкала» болып өзгертілді: бұл Қазақстанды газдандыруға әсер ете ме

62 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қытайға тартылатын Ресей магистральдық газ құбырының ұзаққа созылған жобасы атауын өзгертті. «Сила Сибири-2» жобасы енді ресми түрде «Сила Байкала» деп аталады, деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана» телеграм-арнасы.

Атаудың өзгергені туралы Шығыс экономикалық форумында РФ Энергетика министрі Сергей Цивилев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа әрі «дұрыс» атауды Владимир Путин ұсынған. Сонымен қатар ведомство басшысы құрылысқа дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатқанын айтты.

Ұзаққа созылған жоба

Қуаты жылына 50 миллиард текше метрді құрайтын газ құбырын салу идеясының талқыланып жатқанына 10 жылдан асты. «Газпром» 2022–2023 жылдары Еуропа нарығынан айырылғаннан кейін жобаны іске асыруға белсенді кіріскенімен, Қытай тарапымен әлі де нақты келісімдер жасалған жоқ.

Негізгі келіспеушіліктер экономикалық мәселелерге тіреліп тұр: Бейжің мен Мәскеу жеткізілетін газдың соңғы бағасын келісе алмай, құрылыстың негізгі қаржылық шығындарын кім көтеретінін анықтай алмай отыр.

Сарапшылар не дейді және бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

Мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов Қытайдың «2026–2030 жылдарға арналған мұнай-газ саласын дамытудың 15-ші бесжылдық жоспары» стратегиялық құжатын талдады. Құжатқа сәйкес, бұл кезеңде іске асырылатын жобалар тізіміне Ресейден және Орталық Азия елдерінен тартылатын бірде-бір құбыр енбеген.

Бұл жай ғана атауды өзгерту нақты құрылысты тездете қоймайтынын көрсетеді. Бұл Қазақстан үшін маңызды белгі: еліміздің шығыс өңірлерін дәл осы газ құбырының тармақтары есебінен газдандыру жоспарланған болатын.

Бүгін, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.