
Германия канцлері Фридрих Мерц Берлинде өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Украинадағы соғысты тоқтату үшін маңызды келіссөздерге дайын екендігін көрсететін айқын белгілер байқалмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды АА.
Бұл жиын Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштамен кездесуден кейін өтті.
«Қазіргі уақытта Ресей үкіметі мен президентінің соғысты тоқтатуға бағытталған шынайы келіссөздерге дайын екендігін көрсететін ерекше белгілерді көріп отырған жоқпыз», – деді Мерц.
Ол Германияның украин дағдарысын дипломатиялық жолмен реттеу үшін күш салуды жалғастыратынын атап өтті.
Канцлердің айтуынша, Украинаға көрсетіліп жатқан қолдау соғысты жалғастыруға емес, оны аяқтауға бағытталған.
Антониу Кошта да ЕО-ның қақтығыс басталған кезден бері әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнатуды көздегенін айтты.
«Соғыстың тоқтамауының жалғыз себебі – Ресейдің дайын еместігі», – деді ол.
Еуропалық кеңес төрағасы одақтың дипломатиялық күш-жігерді жалғастыратынын, Ресейді соғысты тоқтатуға, атысты доғаруға және келіссөздерді бастауға көндіруге тырысатынын жеткізді.
«Қазір бейбітшілікке уақыт келді, Ресей соғысты тоқтатуы тиіс», – деп түйіндеді Кошта.
В Атырау +18.8