Атырау, 10 қыркүйек 11:16
 дождьВ Атырау +13.4
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Украина Каспийдегі портқа шабуыл жасады

93 рет қаралды
Махачкаладағы порт, сурет: 2ГИС
Махачкаладағы порт, сурет: 2ГИС

10 қыркүйекке қараған түні украиналық ұшқышсыз аппараттар Дағыстан астанасы Махачкалаға шабуыл жасады, деп хабарлады республика басшысының уақытша міндетін атқарушы Федор Щукин.

Дрон сынықтарының түсуі салдарынан теңіз портында және Ғамзат Цадаса атындағы Авар музыкалық-драма театрында өрт шықты. «Өрт жедел түрде сөндірілді, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп жазды Щукин Telegram-арнасында. Бұл ретте ол жергілікті тұрғындарды шабуыл салдарының фотосы мен видеосын жарияламауға шақырды.

Махачкаладағы теңіз сауда порты — Ресейдің Каспий теңізіндегі жалғыз терең сулы әрі қатпайтын порты. Онда жүк көтергіштігі 10 мың тоннаға дейінгі танкерлерге арналған бес мамандандырылған айлағы бар мұнай гаваны орналасқан. Порттың экспорттық қуаты жылына 7,9 млн тоннаға дейін мұнай мен мұнай өнімдерін құрайды. Оған іргелес аумақта Баку — Новороссийск магистральдық мұнай құбырымен жалғанған мұнай базасы орналасқан. Бұған дейін украиналық дрондар Дағыстанға 24 тамызда шабуыл жасаған болатын. Ол кезде Солтүстік Кавказдағы Ozon маркетплейсінің ең ірі қоймасы соққыға жығылған еді.

Бүгін, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.