
Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) АҚШ-тың суасты аппаратын Ормуз бұғазында қолға түсіргенін хабарлады, деп жазады АА.
Әскери-теңіз күштерінің жазбаша мәлімдемесінде бүгін таңғы уақытта жүргізілген «күрделі операция» барысында америкалық заманауи құрылғы анықталып, ұсталғаны айтылған.
Иран тарапы бұл аппаратты «ең жаңа интеллектуалды әрі пилотсыз суасты қайықтарының бірі» деп сипаттап, оның 2025 жылы АҚШ флотының қарамағына берілгенін мәлімдеді.
ИРСК жақын уақытта суасты аппаратын қолға түсіргенін дәлелдейтін бейнематериалдарды жариялайтынын жеткізді.
В Атырау +18.3