Атырау, 9 қыркүйек 11:06
 дождьВ Атырау +12
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

​Әділет министрлігі NCOC-ке салынған айыппұлға қатысты іс неге кідіргенін түсіндірді

50 рет қаралды

Қазақстанның Әділет министрлігі Қашаған кен орнының операторы – NCOC компаниясынан орасан зор экологиялық айыппұлды өндіріп алуды тоқтата тұру туралы ақпаратқа қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды «За нами уже выехали» Telegram-арнасы.

Ведомствода бұл кідіріс процестік сипатқа ие екенін түсіндірді: мұнай компаниясы сот орындаушысының әрекетіне шағымданған, осыған байланысты сот іс материалдарын сұратқан.

«Заңнамаға сәйкес құжаттар сотта болған уақытта өндіріп алу рәсімі тоқтатыла тұрады. Құжаттар сот орындаушысына қайтарылғаннан кейін жұмыс әдеттегідей жалғасады», — деп нақтылады Әділет министрлігіндегілер. Бұл ретте айыппұлдың өзін жою туралы сөз болып отырмағанын атап өтіп.

Бұған дейін қазақстандықтар атқарушылық өндіріс органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен 2,3 триллион теңгені өндіріп алу рәсімінің 7 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылғанын байқаған еді.

Қашаған операторына рекордтық айыппұл экологиялық тексеру қорытындысы бойынша салынған болатын. Мамандар бірқатар өрескел заңбұзушылықтарды, соның ішінде кен орнында 1,2 миллион тоннадан астам күкірт нормадан тыс орналастырылғанын және тиісті рұқсатсыз тазартылмаған шикі газ жағылғанын анықтады.

NCOC компаниясы тексеру нәтижесі мен нұсқамалардың заңдылығына сот тәртібімен бірнеше рет шағымдануға тырысты. Дегенмен консорциум барлық инстанцияда, соның ішінде Қазақстанның Жоғарғы сотында да дауласып, жеңіске жетпеді. 

Бүгін, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.