
АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Тегеран Парсы шығанағы мен блокада сызығы бойында арнайы «тыйым салынған аймақ» енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды АА.
Бұл туралы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи хабарлады.
Оның айтуынша, Иран аймақтағы америкалық күштерге қатысты «операциялық тәсілді түбегейлі өзгертті».
«Соңғы күндері Вашингтон жаңа ирандық зымырандардан айқын ескерту алды», – деді ол.
Резаи АҚШ санкциялары мен блокадасын «экономикалық соғыс» деп атап, оған теңізде тыйым салынған аймақ құру арқылы жауап берілетінін айтты.
Бұған дейін парламент төрағасы Мохаммад Багер Галибаф: «Аймақта біз мұнай сата алмасақ, ешкім де сата алмайды», – деп мәлімдеген болатын.
Иран билігі көрші елдер АҚШ-ты қолдаса, Парсы шығанағын Ормуз бұғазындағыдай жауып, мұнай тасымалына жол бермейтінін ескертті.
Бұл мәлімдеме аймақтағы шиеленісті жаңа деңгейге көтеріп отыр.
В Атырау +14.2