Атырау, 4 қыркүйек 13:08
 дождьВ Атырау +29.1
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Түркияда X желісіндегі төрт аккаунт бұғатталды

93 рет қаралды

Анкара билігі X әлеуметтік желісіндегі төрт аккаунтқа қолжетімділікті шектеді, деп хабарлайды АА. 

Тексеру нәтижесінде олардың Израильдің насихатын таратып, Түркияға қарсы қара насихат жұмыстарын жүргізгені анықталған.

Бұл шара Президент әкімшілігінің Коммуникациялар басқармасы, Ыстамбұл бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігіне қарасты Киберқылмыспен күрес департаментінің үйлестіруімен жүзеге асырылды.

Нәтижесінде аталған аккаунттарға Түркия аумағынан кіру мүмкіндігі толық бұғатталды.

Бүгін, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.