
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Сұлтанғазиевті Алматы облысының әкімі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
· Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1997)
Экономист-қаржыгер
· Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2001)
Заңгер
· Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2010)
Іскерлік әкімшілендіру магистрі
Еңбек өтілі:
· Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитеті Салық аудиті бөлімінің салық инспекторы (07.1997–03.1999);
· Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Әкімшілендіру басқармасының Үйлестіру бөлімінің салық инспекторы, Заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші, бас салық инспекторы (03.1999–11.2001);
· Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитеті Аудит бөлімінің бастығы (11.2001–07.2006);
· Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Салықтық апелляциялар, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Салық аудиті басқармасының бастығы (07.2006–07.2008);
· Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары (07.2008–12.2010);
· ҚР Қаржы министрлігі Салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжау департаментінің директоры (12.2010–11.2012);
· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (А корпусы) Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі секторының меңгерушісі (11.2012–11.2014);
· Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (11.2014–10.2018);
· Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы (10.2018–05.2021);
· Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі (05.2021–01.2022);
· Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі (15.01.2022–11.06.2022);
· Алматы облысының әкімі (11.06.2022, 01.12.2022 жылдан бастап қайта тағайындалды).
Өңір басшысы қызметіне кім тағайындалатыны әзірге белгісіз.
В Атырау +19.6