Атырау, 27 қазан 11:14
 дождьВ Атырау +2.7
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Атырауда Renaissance by Crystall қонақ үйінде өрт шықты

700 рет қаралды

Төтенше жағдай 3 қыркүйек күні кешке Сәтбаев даңғылы, 15 мекенжайында орналасқан қонақ үйде болды.

ТЖД-ға хабарлама сағат 19:26-да түскен. Құтқарушылардың мәліметінше, жеті қабатты ғимараттың екінші қабатындағы бойлер бөлмесінде құбырлардағы жылу оқшаулағыш материал жанған.

Оқиға орнына ТЖД-ның 29 қызметкері мен жеті бірлік техникасы жіберілді. Сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері мен бір бірлік техникасы жетті.

ТЖД деректері бойынша зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

4 қыркүйек, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.