Атырау, 3 қыркүйек 16:16
 дождьВ Атырау +29.4
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Қазақстанда сапасыз бензин анықталды

105 рет қаралды

2026 жылы жүргізілген тексерістер барысында үш жағдайда автокөлік бензині талаптарға сәйкес келмейтіні зертханаялық жолмен расталды.

  • Қызылорда облысында АИ‑95 маркалы бензиннің октан саны 92 болып шықты.

  • Алматыда АИ‑100 көрсеткіші 99 болды.

  • Жетісу облысында АИ‑92 бензинінде күкірт мөлшері рұқсат етілген деңгейден екі есе артық анықталды.

Салдарынан сапасыз партиялардың сатылымы тоқтатылып, жалпы құны 5,7 млн теңгеден асатын бензин тәркіленді. Жетісудағы заңбұзушылық үшін 195 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Қазір ведомство 12 шағымды қарап жатыр: тоғызын – Астанадан, екеуін – Солтүстік Қазақстаннан, бірін – Павлодар облысынан.

Мамандар жүргізушілерге көліктің бұзылуы сапасыз отыннан деп күдіктенсе, чек пен үлгіні сақтап, аккредиттелген зертханада талдау жасатып, eOtinish арқылы немесе сот арқылы шығынды өтеуді талап етуге кеңес береді.

Бүгін, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.