
Юта штатында 23 жастағы Тайлер Робинсонға қатысты іс қазылар алқасына жіберілді, деп хабарлайды Евронью́с.
Ол консервативті белсенді Чарли Киркті өлтірді деп айыпталуда. Сот айыпты «ауырлататын жағдайдағы кісі өлтіру» деп таныды, бұл жағдайда оған өлім жазасы тағайындалуы мүмкін.
Айыптаушылар Робинсон Киркті студенттер алдында сөз сөйлеп тұрған кезде атып, мыңдаған адамға қауіп төндіргенін мәлімдеді. Қорғаушылар мұндай қауіп дәлелденбегенін айтып, өлім жазасын алып тастауды сұрады.
Кирктің отбасы сот шешімін «әділдікке жасалған маңызды қадам» деп атады. Прокурорлар қылмыстың себебі Кирктің саяси көзқарастарына деген өшпенділік болғанын алға тартуда.
В Атырау +29.4