
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Қырықбаевты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі етіп тағайындады.
Осыған байланысты ол Мемлекет басшысының ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Арман Қырықбаев 1976 жылы Астанада дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Әр жылдары Мәдениет комитетін басқарған, Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған, Қарағанды облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің орынбасары қызметін атқарған. 2025 жылдың ақпанынан бері Президенттің көмекшісі лауазымында жұмыс істеді.
В Атырау +29.4