
Иран тағы 11 кемені Ормуз бұғазынан өту ережелерін бұзғаны үшін «қара тізімге» қосты. Бұл туралы елдің Парсы шығанағын бақылау басқармасы (PGSA) хабарлады, деп жазады АА.
Мәліметке сәйкес, аталған кемелер болашақта бұғаздан өтуге талпынса, айыппұл, ұстап қалу немесе тәркілеу шараларына тап болуы мүмкін. Сонымен қатар «қара тізімдегі» кемелермен әріптестік орнатқан өзге кемелер де шектеуге ұшырайды.
2 қыркүйектегі дерек бойынша, тізімде барлығы 56 кеме бар. Олардың қатарында сұйытылған газ, мұнай тасымалдаушы танкерлер және ADNOC Logistics (БАӘ), Navig8, Bahri (Сауд Арабиясы) компанияларына тиесілі кемелер бар. Сондай-ақ Қытаймен байланысты екі кеме де енгізілген.
24 тамызда Иран 45 танкерді ережелерді бұзғаны үшін тізімге қосқан болатын. Ел билігі бұғаздағы қозғалысты АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылынан кейін шектеген еді. 17 маусымда АҚШ-пен меморандумға қол қойылған соң қозғалыс қайта ашылғанымен, 8 шілдеде келісім орындалмағандықтан соғыс қайта басталып, 12 шілдеде бұғаз қайта жабылды.
В Атырау +26.8