Атырау, 3 қыркүйек 13:10
 дождьВ Атырау +26.8
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның Көлік министрлігін қайта басқарды

62 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі қызметіне тағайындалды.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1991)

    Мамандығы: экономист

  • «ЭНИ-Аджип» мұнай өнеркәсібі оқу орталығы, Милан, Италия (2001–2002)

    Дәрежесі: мұнай әкімшілігі магистрі (2001–2002)

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, магистратура (2016)

    Мамандығы: «Әскери және мемлекеттік басқару»

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Экономика ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы: «Нарықтық трансформация жағдайында ұлттық экономика мен оның инфрақұрылымдық кешенінің дамуын стратегиялық жоспарлау және бағдарламалау» (2004).

Еңбек өтілі:

  • «Еңбек» компаниясының бас директоры (1991–1997);
  • Қазақстан Кәсіпкерлері конгресінің атқарушы директоры (1997–1998);
  • «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жолаушылар тасымалы» ДП директоры (1998–2000);
  • «АНПЗ» ААҚ бірінші вице-президенті (2000–2002);
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры (2002–2004);
  • «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры (2004–2007);
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мұнай тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры (07.2007–06.2010);
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (18.05.2011–25.08.2014);
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары (14.08.2014–10.2016);
  • «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі Штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы (2017);
  • Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімі (11.2017–06.2018);
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі (01.2019–04.2021);
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (09.04.2021–30.06.2025);
  • Қазақстан Республикасының Көлік министрі (30.06.2025 бастап).
Бүгін, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.