
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Мәскеу энергетика институты (1993)
Мамандығы: «Жылу физикасы»
Е.А. Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1997)
Мамандығы: «Экономика»
Халықаралық бизнес академиясы (2013)
Дәрежесі: Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA)
Еңбек өтілі:
- «Тынай» шағын жеке кәсіпорнының коммерциялық директоры (1993–1994);
- «Медкорп» ШК директоры, бас бухгалтер, «АСБ» ШК директоры, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ өкілдігінің директоры, «Global» компаниясы ЖШС коммерциялық директоры, «Батыс Ойл Газ» корпорациясы» ЖШС бас директоры (1994–2004);
- Ақтөбе қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығының орынбасары (2005–2006);
- Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы (04.2006–12.2006);
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары (2006–2007);
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы (2007–2008);
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры (03.2008–06.2008);
- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауда даму департаментінің директоры (06.2008–04.2010);
- «Қазақстандық келісімшарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (04.2010–07.2010);
- «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік «NadLoc» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары (07.2010–11.2011);
- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры (03.2012–07.2012);
- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің төрағасы (25.07.2012–01.2013);
- Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі (02.2013–15.08.2014);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы (08.2014–01.2017);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (01.2017–04.2019);
- Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (21.05.2019 бастап), ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі (20.12.2019–14.09.2020);
- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (14.09.2020–15.08.2022);
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы (15.08.2022–02.09.2022), Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі (02.09.2022, 03.04.2023–02.09.2023 қайта тағайындалды);
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (02.09.2023, 06.02.2024–21.12.2024 қайта тағайындалды);
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі (21.12.2024 бастап).
В Атырау +17.9