
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Қойшыбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (1991);
- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасы (1991–1994);
- 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші (07.2007).
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- Философия ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі:
- «Қаззапсельпроект» мемлекеттік жобалау институтының корректоры (1985);
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, 3-хатшысы (1995–1997);
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (1997–1998);
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі (1998–2004);
- Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Өкілетті өкілі (2004);
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы (10.2004–02.2006);
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (02.2006–12.2008);
- Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (12.2008–06.2016), Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2009), сондай-ақ Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (06.2012–2016);
- Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі (06.2012–03.2016);
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (03.2016–03.2019);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы (03.2019, 18.09.2019, 18.01.2021, 11.01.2022–04.01.2023 қайта тағайындалды);
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы (04.01.2023, 03.04.2023 қайта тағайындалды, 06.02.2024 бастап қайта тағайындалды).
Бүгін, 10:19
В Атырау +17.9