
Амандосов көшесінде, әскери бөлімшенің ғимараты жанында жолдың бір бөлігін жауып тұрған металл қоршаудың тұрғанына бір айға жуықтады.
Себебі жолдың жиегінде құдықтың ауызы ашық тұр. Құдықтың өзіне бар-жоғы екі бұтақ қана шаншып белгілеп қойған.
Қоршау жолдың жүру бөлігін айтарлықтай тарылтып тұр, соның салдарынан жүргізушілерге айналып өту үшін солға қарай ығысуға тура келеді. Бұл учаскеде қозғалыс өте тығыз, мұнда автобустар мен жүк көліктері жиі қатынайды, сол себепті бұндай маневр жолда қосымша қауіп тудырады.
Жергілікті тұрғындар мен жүргізушілердің айтуынша, мұнда бірнеше аптадан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Құдық әлі де ашық тұр, ал бұтақтар қауіпті ескертудің өзіндік «белгісі» ретінде қойылған.
Қала тұрғындары тағы бір қауіпті учаскені Баймұханов көшесінен, тура «1-учаске» автобус аялдамасынан байқаған.
«АЖ» редакциясы қалалық әкімдік пен полиция департаментіне сауал жолдады. Жауабын күтеміз.
Алма ҚАЛУСАРИЕВА
Автордың фотосы
В Атырау +17.9