Атырау, 2 қыркүйек 19:00
 дождьВ Атырау +28.2
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы екі «алтынды» жеңіп алды

101 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы екі алтын медальді еншіледі.

Аударыспақтан өткен жарыста Нұрталап Керім мен Сайлау Мұхамеджан жеңіске жетті.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрталап Керім шешуші белдесуде Қырғызстан өкілін жеңіп, чемпион атанды.

Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медальді Сайлау Мұхамеджан салды. 70 келіге дейінгі салмақтағы финалда ол да қырғызстандық спортшымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті.

Бұл марапаттар Қазақстан құрамасы үшін биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы алтын жүлделер болды.

Аударыспақ — салт аттылардың күшін, ептілігін және ат үстінде мығым отыруын талап ететін дәстүрлі ұлттық күрес түрі. Қазақстанда бұл спорт түрімен 11,5 мыңнан астам адам тұрақты түрде айналысады.


Бүгін, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.