Атырау, 2 қыркүйек 19:00
 дождьВ Атырау +28.2
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекетінің өткізу қабілеті үш есеге артады

138 рет қаралды

Ақтөбе облысында Ресеймен шекарада орналасқан «Әлімбет» автокөлік өткізу бекетін ауқымды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жаңғыртудан кейін оның өткізу қабілеті үш есеге өсіп, тәулігіне 700-ден 2,5 мың көлік пен автобусқа дейін артады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

Шекаралық өткел Қарғалы ауданында ресейлік «Орск» бекетіне қарсы орналасқан және тәулік бойы жұмыс істейді.

Қайта жаңартылғаннан кейін не өзгереді:

  • Қозғалыс жолақтары: жолақтар саны әр бағытқа қарай төртке дейін кеңейтіледі (үшеуі стандартты көлік үшін, біреуі габаритті емес жүктерге арналған);

  • Инспекция мен тексеру: жеңіл көліктер мен автобустарға арналған арнайы алаңдар жабдықталып, қолмен тексерусіз жүктерді сканерлейтін заманауи инспекциялық-тексеру кешені орнатылады;

  • Жұмыс жылдамдығы: бір автокөлікті рәсімдеу уақыты төрт минутқа дейін қысқарады;

  • Жолаушылар ағыны: бекет тәулігіне 3 мыңға дейін адамды қабылдай алатын болады (екі есеге өсу).

Жаңартылған нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы, Қазақстан РФ-мен шекарадағы 30 өткізу бекетін жаңғыртуды көздеп отыр.

Бүгін, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.