
Қазақстанда іргелес жатқан жер телімдерін рәсімдеу процесі жеңілдетілді. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне ресми түрде бөлек қызмет енгізілді — бұл қолда бар негізгі жер учаскесіне қосымша телім беру, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті хабарлады. Түзетулер сауда-саттық пен аукциондарды өткізбестен мемлекеттік жер телімдеріне құқық алу қызметіне енгізілді. Өзгерістер ведомстволар жұмысын жоспарлы цифрландыру мен оңтайландырудың бір бөлігі болды.
Азаматтар үшін тағы не өзгерді:
Жер қатынастары: артық бюрократиясыз қолда бар телімді кеңейтудің тікелей механизмі пайда болды;
Қорғаншылық және қамқоршылық: тиісті анықтамаларды беру толықтай автоматтандырылды. Құжат шенеуніктердің қатысуынсыз жүйе арқылы қалыптасады;
Патронаттық тәрбие: жұбайының келісімін міндетті түрде нотариуста куәландыру талабы жойылды — енді оны электронды түрде рәсімдеуге болады;
Санэпидемиологиялық бақылау саласы: бейінді қауымдастықтарды аккредиттеу және медициналық ұйымдардың басшыларын аттестаттау ережелері бекітіліп, тізілімге орналастырылды.
Ведомство өкілдері мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстары азаматтардың өтініштерін талдау, тексерулер және ақпараттық жүйелердің жұмыс нәтижелері бойынша ары қарай да жалғасатынын атап өтті.
В Атырау +28.2