
Алматылық биші Амира Қалимуллина Болгарияда өткен XVI World Folk 2026 фольклордан әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі.
Қазақстандық бишіге бұл марапат «Folklore Dances — Authentic Folklore» номинациясы бойынша берілді. Амира қазақтың «Аққу» биі мен татар халық биін орындап, ұлттық мәдениетімізді жоғары деңгейде таныстырды.

Әлем чемпионаты 26-30 тамыз аралығында Несебр қаласында, Солнечный Берег курортында, сондай-ақ Святой Влас және Поморие қалаларында өтті. Сахнада сегіз елдің өкілдері өнер көрсетті. Жарыстар жанрлар мен жас санаттарына қарай бөлінген тоғыз номинация бойынша ұйымдастырылды.
Амираның бимен айналысып жүргеніне 12 жыл болған. Ол қоюшы-хореограф Юлия Касаткинаның жетекшілігіндегі ұжымның солисі.
World Folk 2026 чемпионатындағы бұл жеңіс жас бишінің маңызды жетістігі әрі Қазақстан мәдениетін халықаралық сахнада паш етудің үлкен мүмкіндігі болды.
В Атырау +28.2