Атырау, 2 қыркүйек 15:56
 дождьВ Атырау +28.3
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

Атырау облысында күзгі аңшылық маусымы ашылды

86 рет қаралды

Өңірде аң аулау тек арнайы бекітілген алқаптарда және тиісті рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Эльмира Құрманғалиева хабарлады.

Құрманғазы, Исатай, Жылыой және Қызылқоға аудандарында алты аңшылық алқап белгіленген. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауға қатаң тыйым салынады.

Биылғы маусымда:

  • қабан аулау 5 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;

  • борсық аулау 1 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін;

  • үйрек, қаз және қасқалдақ секілді суда жүзетін құстарды аулау 12 қыркүйектен 12 желтоқсанға дейін;

  • шіл аулау 6 қыркүйектен 30 қарашаға дейін рұқсат етіледі.

Аңшының өзімен бірге аңшы куәлігі, қаруды сақтау және алып жүруге рұқсаты, сондай-ақ аңшылық жолдамасы болуы тиіс. Шекаралық аймақтарда жеке куәлік талап етіледі, ал Құрманғазы аңшылық шаруашылығында қайықпен аң аулау үшін шекаралық рұқсатнама қажет.

Маусым кезінде инспекция құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтер жүргізіп, құжаттарды, аулау нормаларын және ережелердің сақталуын тексереді. Қызыл кітапқа енген аққу мен құтанды аулауға қатаң тыйым салынған.

Аңшылық қағидаларын бұзғандарға ҚР ӘҚБтК‑нің 382-бабына сәйкес 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Егер құқықбұзушылық қайталанса немесе ерекше қорғалатын аумақта жасалса, жауапкершілік күшейтіледі.

Бүгін, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.