
Маңғыстау – Алматы бағытындағы №077ХА пойызында 20 жастағы студент қыз 69 жастағы ер адамның орынсыз қылығына шағымданды.
Оның айтуынша, жолсерік бастапқыда әдеттегі әңгіме бастағанымен, кейін мазасыз көзқарас танытып, аяғымен тиісе бастаған және әдепсіз әрекет жасаған.

Қыз жағдайды жолсерікке жеткізген. Студенттің айтуынша, ер адам мәселені жабу үшін оған 80 мың теңге ұсынған. Алматы-1 станциясында полиция шақыру ұсынылғанымен, қыз сабаққа асыққандықтан пойыздан түспей, жазбаша түрде шағымданбайтынын көрсеткен. Алайда Алматыға келген соң полицияға жүгінген.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясы жолсерік ақпаратты пойыз бастығына жеткізгенін, ал бригада регламентке сай әрекет еткенін мәлімдеп, студенттен кешірім сұрады.
Көлік полициясы күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Ол – Қызылорда қаласының 69 жастағы тұрғыны. Ер адамға қатысты екі әкімшілік іс қозғалды: ұсақ бұзақылық және түнгі уақытта тыныштықты бұзу. Тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынды, ал ұсақ бұзақылық дерегі сотқа жіберілді.
В Атырау +28.3