Атырау, 2 қыркүйек 15:28
 дождьВ Атырау +28.3
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

Павлодарда алты жұмысшының өліміне жұмыс беруші кінәлі деп танылды

90 рет қаралды
 Halyq Press парақшасынан
Halyq Press парақшасынан

Павлодар облысында «Aqtogai Milk» ЖШС‑де алты қызметкердің қаза табуына қатысты тергеу аяқталды. Арнайы комиссия жұмыс берушінің кінәсін толық дәлелдеп, еңбек қауіпсіздігі ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Halyq Press.

Оқиға хронологиясы бойынша, бір жұмысшы кәріз құдығына түсіп, күкіртсутектен уланып есінен танып қалған. Әріптестері оны құтқармақ болып кезекпен түскен, алайда арнайы қорғаныс құралдары болмағандықтан бірінен соң бірі газға тұншығып қайтыс болған. Нәтижесінде алты адам қаза тапты.

Комиссияның қорытындысына сәйкес, қызметкерлер қауіпті жұмыстарға дайындықтан өтпеген, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген, ал төтенше жағдайға арналған нақты әрекет алгоритмі мүлде болмаған.

Қазір үш күдікті ұсталды. Айта кетейік, «Aqtogai Milk» компаниясының иесі – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Александр Терентьев.

Бүгін, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.