Атырау, 2 қыркүйек 14:53
 дождьВ Атырау +24.4
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

Маңғыстауда 200 келіден астам бекіре тәркіленді

93 рет қаралды

Polisia.kz хабарлауынша, 28 тамыз күні Ақтауда облыстық полиция департаментінің криминалдық полициясы ЖБО, ЖҚАЖ және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында Toyota Camry көлігі тоқтатылған.

Тексеру кезінде жүксалғыштан сегіз пакетке салынған, жалпы салмағы 205 келі болатын 50 дана бекіре балығы табылып, тәркіленді. Көлікте болған екі ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген балық жауапты сақтауға тапсырылды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Бүгін, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.