
Қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов Жерорта теңізінен қайтарылған аумақта бой көтерген Монаконың ең қымбат элиталық ауданы — Mareterra жобасының инвесторлар құрамына кірді, деп хабарлайды Nege.Aqsha.
Forbes Australia басылымының мәліметінше, бұл ауқымды жобадағы қазақстандық миллиардердің үлесі 5%-дан 10%-ға дейінді құрайды.
Mareterra жобасы туралы негізгі деректер:
Инвестициялар мен мерзімдер: Ауданның құрылысы 11 жылға созылып, 2,3 миллиард долларды құрады.
Рекордтық пайда: Барлық 130 апартамент пен вилла 2024 жылдың желтоқсанында құрылыс аяқталғанға дейін-ақ толықтай сатылып кеткен. Сатудың жалпы көлемі 6,6 миллиард доллардан асып, құрылыс салушының таза пайдасы 2025 жылдың ортасына қарай 3 миллиард долларға жетті. Бұл қаражат инвесторлар арасында бөлінді.
Жоғары бағалар: Mareterra-дағы баспананың бір шаршы метрі орта есеппен 139 мың долларға бағаланады (шаршы футы шамамен $12,9 мың). Жекелеген виллалардың құны 230 миллион доллардан басталады, ал украиналық бизнесмен Ринат Ахметовтің пентхаусы оған 550 миллион долларға жуық қаражатқа түскен.
Болат Өтемұратовтың өзі Forbes-ке берген түсініктемесінде салған инвестициясының қаржылық қайтарымына ғана емес, Монаконың жаңа сәулеттік көркіне айналған нысанды құруға қатысқанына да рриза екенін атап өтті.
В Атырау +24.4