Атырау, 6 қазан 22:56
 дождьВ Атырау +14.4
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Көпбалалы аналардың жәрдемақысы Конституциялық Сотта қаралады

362 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Әлеуметтік кодекстің 93-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі мен 94-бабы 1-тармағының Ата заңға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады. 

Істің негізгі мәні – марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және оның мөлшерін айқындау ережелерінің әділдігін сараптау.

Өтініш иесі кеңестік кезеңде, яғни КСРО тұсында алты және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін марапатталған аналар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес наградталған аналармен жәрдемақы алу құқығы бойынша тең болуы тиіс деп есептейді. 

Қарау нәтижелері мен соттың ресми шешімі кейін Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

2 қыркүйек, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.