Атырау, 2 қыркүйек 12:09
 дождьВ Атырау +14.2
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

​Жамбыл облысында жаңа туған нәресте қоқыс жәшігінен табылды

62 рет қаралды

Жамбыл облысының Қордай ауданында, Гвардейский гарнизонының аумағында тастап кеткен жаңа туған нәресте табылды. Сәби қоқыс контейнерлерінің бірінде жатқан, деп хабарлайды «Криминальный Казахстан».

Оқиға туралы ақпаратты аудандық полиция бөлімі растады. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның барлық мән-жайы мен анасының жеке басы анықталып жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған нәресте — қыз бала. Сәбиді дәрігерлер жедел түрде тексерді: ақ халаттылардың хабарлауынша, қазір оның өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.

Бүгін, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.