Атырау, 1 қыркүйек 19:48
 дождьВ Атырау +27.5
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

АМӨЗ-де 25 тамыздағы өрттен кейін​ қылмыстық іс қозғалды

79 рет қаралды

25 тамызда АМӨЗ аумағында орын алған өрттен соң Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті ҚР ҚК 292-бабы – «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады.

Еске салсақ, өрт механикалық тазарту құрылысының жабық типтегі тұндырғышында шыққан. Ішінде мұнай шламы жанған. Оқиға кезінде нысанда жұмыс жүргізілмеген.

Хабарлама «112» пультіне сағат 12:55-те түскен. Объектінің ерекшелігіне байланысты ТЖМ күштері жоғары деңгейлі шақыру бойынша жұмылдырылды. 

Тілсіз жауды сөндіруге 65 адам, 19 техника, сондай-ақ «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының ПСС қызметкерлері қатысқан. Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, кейін толық жойылды. Зардап шеккендер болған жоқ.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, АМӨЗ-дегі өртке байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 292-бабы («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») бойынша тергеліп жатыр.

Басқа мәліметтер жарияланбайды, себебі ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері құпия сақталады. Бұл бап тергеу барысындағы ақпаратты жария етуге тыйым салады.

АМӨЗ аумағында болған өрттің себептерін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.