
Атырауда мұнай құбырының Жайық өзені арқылы өтетін суасты бөлігінде апатқа қарсы оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында апат пен ластану шартты түрде ұйымдастырылды, яғни шын мәнінде мұнай төгілуі болған жоқ. Сценарий бойынша құбырдағы ақау анықталғаннан кейін ақпарат жауапты қызметтерге жеткізілді. Қызметкерлер катерлермен бондық бөгеттер орнатып, төгінді аймағын оқшаулады.
Шартты мұнай қалдықтары судың бетінен жиналып, арнайы жабдық арқылы ыдыстарға айдалды, кейін утилизацияға жіберілді.
Нәтижесінде барлық негізгі әрекеттер нормативке сай уақыт ішінде орындалды. Мұндай оқу-жаттығулар персоналдың дайындық деңгейін тексеріп, қызметтердің ықтимал апат жағдайында өзара әрекеттесуін жетілдіруге бағытталған.
В Атырау +27.5