
Қазақстанның Конституциялық Соты Қылмыстық кодекстің 50-бабының бірінші бөлігін тексеру туралы өтінішті өндіріске қабылдады.
Сөз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды реттейтін норма туралы болып отыр.
Өтініш беруші мемлекеттік қызметші болып табылмаған және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнайы субъектісі белгілері болмаған тұлғаға өмір бойы тыйым салуды қолдануға шағымдануда.
Оның пікірінше, мұндай шектеу әділеттілік, пара-парлық (пропорционалдық) және қылмыстық жауаптылықты жекелей белгілеу қағидаттарына қайшы келуі мүмкін. Сондай-ақ өтініш беруші еңбек құқықтарының және мамандықты еркін таңдау құқығының ықтимал бұзылуын алға тартады.
Өтініштің өндіріске қабылдануы бұл норманың конституциялық емес деп танылғанын білдірмейді. Түпкілікті шешім істі қарау қорытындысы бойынша қабылданады.
Нәтижелері Конституциялық Соттың ресми сайтында және оның Telegram-арнасында жарияланады.
В Атырау +26.7