
1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 ауыл мектебінде жасанды интеллектке негізделген ұлттық білім беру платформасының пилоттық жобасы басталды.
Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта білім беру жүйесіне ЖИ енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Алғашқы сабақты Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. Жаслан Мәдиев ашып, оқушыларға жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.
Платформа ауыл мектептерін жетекші педагогтердің онлайн сабақтарымен қамтамасыз етіп, заманауи білім контентін ЖИ құралдарымен біріктіреді. Бұл қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталған.
Жобаға «Өрлеу» орталығының базасында арнайы студия жабдықталып, сабақтар тікелей эфирде жүргізіледі. Оқушыларға жергілікті мұғалімдер онлайн және офлайн форматты үйлестіре отырып көмектеседі.
Пилоттық жоба барысында доктор Кай-Фу Лидің ұсынымдары ескерілді, ал мұғалімдер арнайы тренингтен өтті. Жоба Оқу-ағарту министрлігі, Q.AI және 01.AI компанияларымен бірлесіп іске асырылуда.
Алдағы уақытта платформа тәжірибе нәтижелері мен кері байланыс негізінде жетілдіріліп, басқа өңірлерге де кеңейтілмек.
В Атырау +26.7