Атырау, 1 қыркүйек 15:28
 дождьВ Атырау +26.7
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

Атырау облысында 15 мыңға жуық бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Сурет
86 рет қаралды

1 қыркүйекте Білім күніне орай өңірдің оқушылары жаңа оқу жылын қуана қарсы алды. 

Облыс әкімі Болат Ақшолақов өзі білім алған №14 А. Чехов атындағы мектепке барып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады.

Әкімнің айтуынша, мектеп тек білім беретін орын емес, өмірлік достар табатын, мінез-құлық қалыптасатын, болашаққа жол салатын маңызды кезең. Ол бірінші сыныпқа барған балаларды ерекше атап өтіп, жауапкершілігі мол азамат болып өсулеріне тілектестік білдірді. Ал мектеп бітіруші түлектерге бұл жылға үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.

А. Чехов атындағы мектеп 1960 жылы ашылған, бүгінде онда 421 оқушы білім алып, 45 мұғалім еңбек етеді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыста жеті жаңа мектеп пайдалануға берілді: Дамбы ауылында 300 орындық, Көктем-2 және Еркінқала-2 шағынаудандарында 600 орындық мектептер, 4 мың оқушыға арналған Caspian BINOM School. Сонымен қатар, үш мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жылыой және Құрманғазы аудандарында бой көтерді.

Биыл Атырау облысында 15 мыңға жуық бүлдіршін алғаш рет мектепке барды. Жалпы өңір мектептерінде 155 500 шәкірт білім алуда.


Бүгін, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.