
Израильдің контрбарлау қызметінің басшысы Давид Зини АҚШ астанасы Вашингтонға жасырын сапармен барып, «сезімтал мәселелерді» талқылады деп хабарлады АА израильдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Channel 13 арнасының дерегінше, ол ФБР өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізген, бірақ нақты тақырыптар жария етілмеген.
Бұл сапар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ұлы Яир Нетаньяхуды Майамиден шұғыл эвакуациялағаннан кейін жасалды. KAN мемлекеттік арнасы 29 тамызда Шин-Бет Яирге қатысты «салмақты қауіптің» барын растағанын хабарлады. Осыдан соң ол дереу Израильге жеткізілген.
Newsmax арнасы америкалық құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйеніп, Яирге қарсы қастандық жоспары Иранмен байланысты болуы мүмкін екенін жазды. Израильдік барлау қызметі бұл жоспарды 2025 жылдың желтоқсанында білгені айтылды. Иран агенттері Майамиде оның тұрғылықты жерін бақылаған деген ақпарат тарады.
Биньямин Нетаньяху 24 тамызда Channel 14 арнасына берген сұхбатында ұлдарының бірі Иранның нысанасына айналғанын мәлімдеген.
Қазіргі уақытта АҚШ пен Израиль билігі Давид Зинидің сапарына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
В Атырау +24.4