
Кенан Нариман 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясының басқарушы директоры болып тағайындалды. Ол бұл лауазымда Сесиль Ролинді алмастырды.
Жаңа басшы, сондай-ақ, америкалық мұнай-газ компаниясының Әзербайжандағы активтеріне де жетекшілік етеді, деп хабарлайды PetroCouncil.kz.
Нариман ExxonMobil компаниясында 2001 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол бизнесті дамыту, табиғи газ маркетингі және көмірсутектерді барлау мен өндіру жобаларын жүзеге асыру салаларында басшылық лауазымдарды атқарған.
2022–2026 жылдары ол «ЭксонМобил Корея» президенті әрі компанияның Оңтүстік Кореядағы бірінші басшысы болды.
2016 жылдан 2022 жылға дейін Нариман ExxonMobil-дің Ресейдегі аффилирленген құрылымдарының коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды. Ол «Сахалин-1» жобасының коммерциялық дамуына, соның ішінде Қиыр Шығыстағы СҰГ (СПГ) жобасына қатысты.
Бұған дейін, 2012–2016 жылдары Лондон қаласында ExxonMobil Upstream Ventures компаниясының коммерциялық менеджері болып жұмыс істеді. Оның міндеттеріне Еуропа, Каспий өңірі, Ресей, Таяу Шығыс және Африкадағы мұнай-газ жобаларын бағалау мен дамыту кірді.
Кенан Нариман Джорджтаун университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Гарвард және Корнелл университеттерінде ғылыми дәрежелер алған.
В Атырау +24.4