Атырау, 1 қыркүйек 13:12
 дождьВ Атырау +24.4
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34

Amanat Drive басшысы сегіз жылға сотталды

59 рет қаралды
Көңілбай Шөкенов / Сурет: Қазақстан халқы ассамблеясы
Көңілбай Шүкен / Сурет: Қазақстан халқы ассамблеясы

Қонаев қалалық соты Amanat Drive қаржы пирамидасының басшыларына үкім шығарды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл ұйым сегіз мыңнан астам салымшыны тартқан.

Салымдардың жалпы сомасы 21 млрд теңгеден асты.

К.К.Шүкен кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. М.С.Үрәтбекке бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға пайызсыз жылжымайтын мүлік пен автомобильдер сатып алуды, сондай-ақ кейіннен бөліп төлеу мүмкіндігін уәде еткен.

Іс материалдарына сәйкес, алынған қаражатты заңдастыру үшін бақылаудағы компаниялар — «Алло, не керек» ЖШС, «I M@RKETING» ЖШС және «Gold SapaPremium» ЖШС пайдаланылған. Олар жарнама, аналитика, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығын болжау бойынша жалған шарттар рәсімдеп отырған.

Осы схема арқылы 1,8 млрд теңгеден астам қаражат шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Тартылған қаражат есебінен сотталғандар екі пәтер мен үш Lexus автокөлігін сатып алып, мүлікті сенімді тұлғаларға рәсімдеген. Сот пәтерлер мен көліктерді мемлекет кірісіне тәркілеуге қаулы етті.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.